Аягөз гарнизонында офицер өлі күйінде табылды

21 қыркүйек 2024 15:54 / Новости Казахстана

Абай ауданы Аягөз гарнизонынан тағы бір әскери қызметкердің мәйіті табылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Биылғы жылдың 19 қыркүйегінде Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицерінің мәйіті жұмыстан тыс уақытта тұрғылықты жеріндегі пәтерден табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, офицер асылып өлген», деп хабарлады гарнизон.

Офицердің өлімінің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Әскери қызметкердің өзіне қол салуына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Серіктес жаңалықтары