Петропавлды «жарып" жібермек болған еркек ұсталды

11 қазан 2023 17:00 / Новости Казахстана

Петропавлды «жарамын» деп, SOS батырмасы арқылы полицияға хабарласқан өскемендік тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні түскі уақытта біреу полицияға хабарласып, Петропавл қаласын жарып жіберетінін айтқан. Белгісіз адамның Қазақстан Конституциясы мен Казахстанская правда көшесінің қиылысында орналасқан «SOS» батырмасын пайдаланғаны белгілі болды. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жетіп, телефон шалған күдіктіні ұстады. Ол Өскемен қаласының 44 жастағы тұрғыны екен. Бұған дейін ол бірнеше рет сотталған.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның мас екендігі анықталды. Айтуынша, мұндай қадамға баруына жеке басындағы қиындықтар себеп болған.

Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары