СҚО: Әйел гаражда босанып, баласын қалдырып кеткен

22 қыркүйек 2024 15:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда әйел гаражда босанып, баласын қалдырып кеткен. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 жастағы әйел жасырын босанып, қан кеткеннен кейін Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталық ауруханасына көрінуге мәжбүр болған. Тексеру барысында оның гаражда бала туғаны мәлім болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті жағдайда қалдыру белгілері бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық жағдай анықталады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір әйел аудандық ауруханада жатыр, денсаулығы жақсы. Нәресте облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақталды.

Серіктес жаңалықтары