Саясат Нұрбек: Қазақ тілі тірі қалу үшін жасанды интеллект тіліне айналуы керек

14 қазан 2023 19:25 / Новости Казахстана

 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақ тілін заманауи технологиялар тіліне айналдыру үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылай деп Jibek Joly арнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат бергенд айтты. 

Қазіргі таңда тіл дамыту саясатының 7 жылдық тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Соның аясында 5 үлкен бағытымыз бар. Соның бірі – қазақ тілін кодификациялау, яғни, жүйелеу, бір жүйеге келтіру. Бір нәрсеге көзіміз жетті – қазіргі таңда тіл тірі қалу үшін цифрлық кеңістікте болуы керек.

Ол қазақ тілінің бүкіл байлығын Google-ге қарасты Anthropic бағдарламасы цифрландырып жатқанын еске салды. 

«Біріншіден, тіл қазір бүкіл ірі массивтерде, дата базаларында болуы тиіс. Екіншіден, қазақ тілі Tencent, Google, Meta, OpenAI, Microsoft сияқты алпауыт компаниялардың виртуалды көмекшілерінің тіліне айналуы керек. Сондықтан біз Google-дің Anthropic деген үлкен компаниясымен бірлесіп, қазақ тілінің лингвистикалық корпусын цифрландыру жұмысын жалғастырып жатырмыз. Ол жұмысты биыл бітіре алмасақ та, келесі жылы толыққанды аяқтаймыз. «Тіл Қазына» институы мен Тіл комитетінің бюджетінде осыған арнайы ақша қарастырылған», - деді Саясат Нұрбек.

Автор
Серіктес жаңалықтары