Түркістан облысында тұтқындар бүлік шығарды

22 қыркүйек 2024 10:12 / Новости Казахстана
Фото: Kazinform

Түркістан облысында тұтқындар бүлік шығарды. Қамау режимімен келіспеген тұтқындар әрекеті салдарынан Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі мен ҚАЖД бір қызметкері дене жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақталған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Түркістан облысының мекемесінде сотталғандардың бір бөлігі ұстау режимімен келіспеуіне байланысты бағынбаушылығын білдірді. Мекемеде ҚАЖК төрағасы, ҚАЖД және Ұлттық ұланның басшылығы, жеке құрамы, сондай-ақ қадағалау органдары жұмыс істеп жатыр», -делінген ведомства ақпаратында.

Серіктес жаңалықтары