Семейде қатты желден көпірдің жақтауы құлады

12 наурыз 2024 19:07 / Новости Казахстана

Семей қаласында қатты желден көпір жақтауы құлады. Қалада қатты соққан жел Автогужевой көпіріндегі жақтауды құлатты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Әділбек Увасилов қазіргі мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Көпірдің құлаған жақтауына лентамен белгі қойылды. Сол жағалаудан оң жағалауға қарай жаяу жүргіншілер жолы жабылған. Ал көлік жүретін төрт жолақ түгелдей ашық тұр», - деді ол.

Осының салдарынан «Қазақтелеком» АҚ-ның оптикалық байланыс желілері зақымданып, қаланың сол жағалауында интернет өшіп қалды. Жақын арада интернет жұмысы қалпына келтіріледі.

Серіктес жаңалықтары