Шымкентте жезөкшелердің үш притоны жойылды

2 желтоқсан 2023 10:00 / Новости Казахстана

Шымкенттік полицейлер үш притонды жойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Шымкент ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады.

31 жастағы бойжеткен пайдакүнемдік мақсатта притон ұйымдастыру үшін қала аумағында 3 пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған. Жезөкшелікпен айналысқандардың арасында Шымкент, Тараз, Алматы, Қостанай қалаларының тұрғындары бар. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында ірі мөлшерде «мефедрон» психотроптық заты тәркіленді.

«Тәртіп сақшылары интимдік қызмет көрсететін 10 әйелді ұстады, оның біреуі кәмелет жасына толмаған қыз. ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігі «жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық», 296-бабы 3-бөлігі «ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйел қамауға алынды» - дейді Шымкент ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары қала аумағындағы жалдамалы пәтерлер мен сауналарға рейд жүргізіп, жезөкшелікпен айналысқан 51 азаматты ұстады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

Серіктес жаңалықтары