Тасқын өтемақысымен байланысты алаяқтық схема пайда болды

30 сәуір 2024 12:47 / Новости Казахстана

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев тасқын өтемақысымен байланысты алаяқтық схема пайда болғанын мәлім етті. Өтемақыны адамға алаяқтар белгілі бір мемлекеттік органның атынан қоңырау шалып, тасқыннан зардап шеккендердің тізімінде тұрғанын растау үшін SMS-тен код жазып жіберуін ұсынуы мүмкін екен, - деп хабарлайды Arbat.media

«Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертеді. Өтемақы төлеуді күткен адамдарға алаяқтар белгілі бір мемлекеттік органның атынан қоңырау шалып, тасқыннан зардап шеккендердің тізімінде тұрғанын растау үшін SMS-тен код жазып жіберуін ұсынуы мүмкін. Шындығында, осы кодтың арқасында алаяқтар жәбірленушінің атына көп мөлшердегі несие рәсімдей алады. Мынаны білу маңызды, мемлекеттік органдар мен банктердің қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия деректерді беруді талап етпейді.Зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселелері тек ресми түрде шешіледі: жеке барып немесе ресми веб-ресурстарды пайдалану арқылы ғана рәсімделеді. Sms-ке келетін кодтарды ешкімге хабарлауға болмайды.Күмәнді сілтемелерге өтуге болмайды. Телефоныңызға қауіпті вирустар өтіп кетсе, бұл алаяқтарға телефон иесінің атынан банкт операцияларын жасауға мүмкіндік береді», - деді Шыңғыс Әлекешев.

Сондай-ақ, Шыңғыс Әлекешев ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізіп, жалған ақпараттың таралуына жол бермейтінін айтты.

"Жалған ақпарат таратқандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салғым келеді. Күрделі су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап жалған ақпарат таратқаны үшін барлығы 2 қылмыстық іс және 13 әкімшілік іс қозғалды", - деді ол. 

 

«

Серіктес жаңалықтары