Тасқын: "Қазақмыс" пен KAZ Minerals 650 млн теңге бөлді

3 сәуір 2024 14:45 / Новости Казахстана

Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі компаниялары – KAZ Minerals Group пен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Қазақстанның бірқатар өңіріндегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және табиғи апаттардың салдарын жою мақсатына 650 млн теңге бөлді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, ең қажет тауар сатып алуға және зардап шеккен аудандардағы инфрақұрылымды қалпына келтіруге осы қаражат жұмсалады.

KAZ Minerals пен "Қазақмыс" компаниялары бұған дейін де Аягөз ауданы, Түркістан облысындағы су тасқынынан, Абай ауданындағы өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіп, әлеуметтік жобаларға белсенді инвестиция салған болатын.

1 сәуірде Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырды.

Бұған дейін тағы қандай компаниялардың қолдау көрсеткені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары