Тергеу изоляторында бала зорлау ісінде күдікті өзіне қол салды

18 қазан 2024 16:39 / Новости Казахстана
Фото: almaty.tv

Кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке іліккен ақтөбелік тергеу изоляторында өзін өлтірді. Ақтөбе облыстық ҚАЖД хабарлауынша, күдікті суицид жасаған.Тергеу изоляторында күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Одан қандай да бір зорлық-зомбылық белгісі тіркелмеді. Соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды, - деп таратты Ақтөбе облысықылмыстық атқару жүйесі департаменті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Департамент оның қай іс бойынша күдікті екенін нақтыламады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Еске салсақ, Ақтөбеде 14 жастағы қызды туыстары бірнеше жыл бойы зорлап келді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу соты күдіктілерді үйқамаққа жіберуге шешім қабылдаған.

Серіктес жаңалықтары