Түркияда тағы бір қазақстандық көлік апатынан көз жұмды

19 қазан 2023 14:03 / Новости Казахстана

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Алания аймағында тағы бір қазақстандықтың көлік апатынан көз жұмғанын растады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға туралы көз жұмған келіншектің ағасы Facebook-те жазған.

«Жұма күні, 13 қазанда қарындасымыз Әлия Құлмағамбетовадан айырылып қалдық. Жасы 38-де ғана еді. Бүкіл өмірі алда, жоспары көп болатын. Оны Аланияның Кестель ауданындағы (Түркия) D 400 тасжолында автомобиль қағып кетті. Полицияның сөзіне қарағанда, ол жолды белгіленген бөліктен, бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде кесіп өткен, тергеу жүріп жатыр. Көлік тізгінінде жас қыз болған. Оны оқиғаның анық-қанығын анықтағанша үйіне жіберді. Осының алдында ғана Әлияжан жол-көлік оқиғасына куә болған еді. Тіпті ол туралы чатқа да жазған. Сондықтан біз полиция айтып отырған нұсқаның дұрыстығына сенімдіміз – жолды ережеге сай кесіп өткен. Түркі тарабы тергеуді әділ жүргізеді деп үміттенеміз», – деді марқұмның ағасы.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қайғылы қазаның болғанын растап, оқиғаның мән-жайын Бағдат Құлмағамбетов толық жазғанын мәлім етті.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары