ҰБТ-да ерекше білім беру қажетті бар талапкерлерге жеңілдік бар

3 ақпан 2024 12:23 / Новости Казахстана

Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар түсушілердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін әртүрлі шараларды қабылдауды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Өткен жылдардағыдай, биыл да ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыттың сақталатындығын айтқан Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев:

«Сонымен қатар көру қабілеті бұзылысқа ұшыраған балалардың ыңғайы үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында тестілеуге қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді. Егер 2021 жылы ҰБТ - ға 90 бала қатысса, 2022 және 2023 жылдары олардың саны 500 адамға жетті», деді.

Оның айтуынша, аталған бағытта жұмыстар жалғасады.

Айта кетсек, қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ-да пән мұғалімі емес көмекшілер ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары