"Жалақы төлемейміз". Телеарнада «жасанды интеллект» жүргізуші пайда боолды

18 қазан 2023 0:29 / Новости Казахстана

Түркістан телеарнасында «жасанды интеллект» арнайы бағдарлама жүргізе бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Күншуақ Табиғатқызы есімді «робот» қыз әзірге күн райының болжамы айдарын жүргізеді.

Алғаш көрген адам сүйкімді келбеті мен мәнерлеп сөйлеу әдебіне қарап, «жасанды интеллект» екенін білмей де қалады. 

«Жалақы төлемейміз, ауырып қалмайды, дауысы, мәнері бұзылмайды, боянбайды. Қай жағынан алып қарасаңыз да тиімді. Біз ауа райы болжамының текстін алдын ала жазып береміз, содан «жасанды интеллект» жасайтын бағдарламаға аз ғана ақша төлейміз. Болды. Күншуақ Табиғатқызы эфирге шығып, бағдарламаны жоғары деңгейда алып шығады» - дейді телеарна директоры.

Автор
Серіктес жаңалықтары