Жамбыл облысында 500-ге жуық мал суға кетті

1 шілде 2024 13:34 / Новости Казахстана

Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округіндегі Ақтасты таулы аймағында қатты жауын «Ынтымақ» шаруа қожалығының қора-жайындағы мал шығыны болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ынтымақ» шаруа қожалығының жалпы 1600 бас малының 484 бас мал шығын болды. 197 бас малдың өлексесі табылды. Арнайы комиссия құрылып, толық мал шығыны есептеліп жатыр. Көлбеу ағын Көкқайнар ауылы маңына дейін жетіп, ескі арнамен Тасөткел су қоймасына құйылды. Тұрғын үйлерге су келген жоқ», – деді Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары