Жазда қандай тағамдарды жемеу керек?

11 шілде 2024 18:00 / Новости Казахстана

Жаздың аптап ыстығында тағам рационына жете мән берген дұрыс. Мамандар кей тағамдар жылдың осы мезгілінде жүрек, қан тамырларына артық жүктеме түсіретін тағамдар бар екенін ескертеді. Сондықтан бұл тағамдарды мәзірден толық алып не тұтыну көлемін азайтқан абзал, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Диетологтар ыстық күндері қызыл етті рационнан алып тастауға не аз тұтынуға кеңес береді. Себебі ет қорытылу процесі күрделі тағам түрі.

Бұл қатарда қуырылған тағамдар да бар. Мамандар ас әзірлеуде бұқтыру, қайнату, буға пісіру сынды әдістерді жиі қолдануға кеңес береді. Аталған әдістер, ағзада тез қорытылумен қатар, тағамның нәрлік құрамында сақтайды.

Жазда қант қосылған тәттілерді де тұтынбаған жөн. Өйткені дәстүрлі тәттілердің құрамында тазартылған қант, ақ ұн және май кремі болады. Бұл ингредиенттер асқазан-ішек жолдарының жұмысына артық салмақ түсіреді.

Шоколад, тәтті бәліш сынды тіскебасарларды кептірілген жемістерге алмастыру құпталады.

Балғын жемістерден жасалған табиғи шырынды да көп ішуге кеңес берілмейді. Өйткені осы әдіспен дайындалған шырын құрамында да шамадан тыс қант болуы ғажап емес.

Жазда жемісті шырынға қарағанда көкөністен жасалған сусындар едәуір пайдалы.

Кофені де тәулігіне бір құтыдан артық ішпеген дұрыс. Жазда кофені көп тұтыну ағзада су тапшылығын тудырады.

Оның орнын матча, таза су т.б. алмастыру ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары