Жетісуда халықаралық «BIKEN» II театр фестивалі өтеді

4 қазан 2024 9:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Egemen.kz

Талдықорған төрінде халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Римова атындағы Халықаралық театр фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Фестивальдің мақсаты – театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту және халықаралық театр үдерісіне интеграциялау. Қазақтың көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Ырымқызын мәңгі есте қалдыру. Эстетикалық деңгейді арттыру және кәсіби қарым-қатынас құру, серіктестік пен бірлескен шығармашылық жобалардың пайда болуына жағдай жасау. Фестиваль аясында жас режиссерлердің, актерлердің, драматургтердің, суретшілердің жаңа буынын анықтау және қолдау.

Фестиваль 2024 жылдың 7-10 қазан аралығында өтеді. Екінші мәрте ұйымдастырылғалы жатқан іс-шараға 8 театр қатысады. Атап айтсақ: Жамбыл облыстық орыс драма театры, В.Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры, Түркияның Эрзурум мемлекеттік театры, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры, Қ.Жантөшев атындағы Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театры, Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театры.

Оның ұйымдастырушылары – Жетісу облысының әкімдігі, «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК.

Серіктес жаңалықтары