Жоғалып кеткен Еуропа чемпионы табылып, туыстарымен қауышты

27 желтоқсан 2023 4:42 / Новости Казахстана

Бірнеше күн  бұрын Алматыдағы үйінен белгісіз бағытқа шығып, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әйгілі боксшы Серік Нұрқазов дін аман табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы  Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі жария етті.

14 желтоқсанда үйінен шығып, хабарсыз кеткен Серік Нұрқазов аман-есен табылды.

Еске салсақ, Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі отандық танымал боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтың хабар-ошарсыз кеткенін мәлімдеген.

1959 жылы өмірге келген әйгілі боксшы Еуропа чемпионатында топ жарды.

КСРО біріншілігінде үш мәрте чемпион атанды.  Әлем кубогінің күміс медалін иеленді.

 

Серіктес жаңалықтары