Жүк пойызы жайылып жүрген 7 жылқыны қағып кетті

6 желтоқсан 2023 13:00 / Новости Казахстана

Ақмола облысында «Қырқыншы-Сарыоба» станцияларының аралығында жүк пойызы жайылып жүрген 7 жылқыны қағып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қырқыншы-Сарыоба» станцияларының арасында жүк пойызының машинисі теміржол бойында жайылып жүрген бір үйір жылқыны көріп тежегішті қосқан.

Жүк тиелген пойызды тоқтату мүмкін болмады, 7 жылқы опат болып, пойыз 38 минут жолдан қалды.

Астана стансасындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жапа шеккен жылқының 45 жастағы астаналыққа тиесілі екен. Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, — деді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары