Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Майқайыңдағы алтын кеніші қайтадан іске қосылды
18 қазан 2024 / Новости Казахстана

Майқайыңдағы алтын кеніші қайтадан іске қосылды

«Майқайыңалтын» АҚ-да төрт құтқарушының өмірін жалмаған апаттан кейін жұмысы тоқтап тұрған кеніш қайтадан ашылды. Бүгінде онда жерасты жарылыстары ұйымдастырылып, алтын комбинатына шикізат толассыз жеткізіліп жатыр. 

Павлодар облысында астық мол жиналды
18 қазан 2024 / Новости Казахстана

Павлодар облысында астық мол жиналды

Павлодар облысының диқандары астықты дәнді дақылдар бойынша биыл тағы рекордтық өнімге қол жеткізді. Өңірде 1 млн 116 мың тонна астық қамбаларға құйылып жатыр. Павлодар облысының егіс далаларында қазіргі уақытта майлы дақылдан өзге дақылдардың барлығы жиналды. Фермерлер үшін жиын-терім науқаны табысты өтіп, рекордтық өнімдер алынды. 

2050 жылдарға қарай еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін
18 қазан 2024 / Новости Казахстана

2050 жылдарға қарай еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін

2050 жылдарға қарай еліміздің солтүстік өңірі халқының саны 30 пайызға дейін азаюы мүмкін. Мұндай пікірді аталған өңірдің демографиялық ахуалына 3 жыл бойы зерттеу жүргізген С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қауымдастырылған профессоры Қайрат Бодаухан айтты. 

Қырғызстанда ата-анасын асыраудан жалтарған балалар жазаға тартылады
18 қазан 2024 / Евразия

Қырғызстанда ата-анасын асыраудан жалтарған балалар жазаға тартылады

Қырғызстанда мүгедек және материалдық көмекке мұқтаж ата-анасын асыраудан бас тартқан, сондай-ақ балаларына алимент төлемегендер үшін жаза қатайтылып жатыр. Жогорку Кенеш депутаттары кейбір заңнамалық актілерге тиісті түзетулерді үшінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы ата-аналардың өз балаларына қатысты алименттік міндеттемелерді орындамағаны немесе толық орындамағаны, сондай-ақ кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың материалдық көмекке мұқтаж қарт ата-аналарын асыраудан жалтарғаны үшін жазаны қатайту мақсатында әзірленген. 

Өскеменде 40 млн теңге сыйақы алған ХҚО қызметкерлері сотталды
18 қазан 2024 / Новости Казахстана

Өскеменде 40 млн теңге сыйақы алған ХҚО қызметкерлері сотталды

Өскемен қаласында мамандандырылған ХҚО қызметкерлері жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырғандарға көмек көрсетеміз деп 40 млн теңгеге жуық сыйақы алған. Алайда бұл заңсыз әрекеттері әшкере болып, сотқа тартылды. 

Өзбекстанда 4 мың шақырым жол ретке келтіріледі
18 қазан 2024 / Евразия

Өзбекстанда 4 мың шақырым жол ретке келтіріледі

Өзбекстан президенті республикадағы 4 мың шақырым жолды ретке келтірмек. Мирзиеев халықаралық жолдардың жағдайы республиканың сыртқы саудасы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Өзбекстан президенті елдегі халықаралық жолдардың 4 мың шақырымын жаңғыртуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Жол инфрақұрылымын дамытудың тұсаукесерінде ол Әндіжанды Кунградпен және Термезді Ташкентпен байланыстыратын бағыттарды жоғары сапа стандарттарына жеткізудің маңыздылығын атап өтті. 

НАТО бас хатшысы Қытайды «Ресейдің Украинаға қарсы соғысының сыбайласы» деп атады
18 қазан 2024 / Мир

НАТО бас хатшысы Қытайды «Ресейдің Украинаға қарсы соғысының сыбайласы» деп атады

НАТО бас хатшысы Қытайды «Ресейдің Украинаға қарсы соғысының сыбайласы» деп атады. Марк Рютте Брюссельде Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында «ҚХР екі жақты мақсаттағы тауарларды жеткізу арқылы санкцияларды айналып өтіп, Ресейдің әскери күш-жігерін қолдайды» деді. 

Қырғызстан Apple және Pfizer компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
18 қазан 2024 / Евразия

Қырғызстан Apple және Pfizer компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қырғызстан Apple және Pfizer компанияларымен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Келіссөздер аясында серіктестікті дамыту және барлық салада инновациялық технологияларды енгізу туралы шешім қабылданды. Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров америкалық жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.