Өскеменде 40 млн теңге сыйақы алған ХҚО қызметкерлері сотталды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары18 қазан 2024, 15:03

Өскеменде 40 млн теңге сыйақы алған ХҚО қызметкерлері сотталды

Өскемен қаласында мамандандырылған ХҚО қызметкерлері жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырғандарға көмек көрсетеміз деп 40 млн теңгеге жуық сыйақы алған. Алайда бұл заңсыз әрекеттері әшкере болып, сотқа тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық №2 сотта «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ШҚО бойынша филиалы Өскемен қалалық мамандандырылған ХҚО-ның 3 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Анықталғандай, орталық басшысы мен екі қызметкер 2023 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырғандарға көмек көрсетеміз деп 40 млн теңгеге жуық заңсыз сыйақы алған. Сот барысында айыпталушылар өз кінәларын толықтай мойындап, қатты өкінетіндіктерін жеткізді», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен филиалдың бұрынғы басшысы мен бір қызметкері 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеліп, 1 жылға мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айырылды.

Ал тағы бір қызметкерден қылмыстық жолмен алынған ақшаға сатып алынған пәтері тәркіленіп, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен ХҚО жүргізуші куәлігі сот

Тақырыпқа жаңалықтар