Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» деп өзгертті
11 қазан 2024 / Евразия

Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» деп өзгертті

Білім министрлігінің ұсынысын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да қолдады. «Түрік ғасыры» туралы көзқарасымызды Түркі мемлекеттері ұйымына дейін жеткізіп, алдағы кезеңді түріктердің дәуірі ету үшін иық тірестіретін боламыз» деді ол. Профессор Ахмет Тасағылдың айтуынша «Түркістан» терминінің тарихи мағынасы «Түріктердің отаны» дегенді білдіреді. «Түркістан ұғымын оқулықтарға енгізу өте дұрыс шешім болды. Өйткені, Түркия да, Түркістан да түріктер басым тұратын аймақ дегенді білдіреді», деп қосты доцент Рамин Садық, 

Қырғызстандық студенттерге АҚШ визасының мерзімі ұзартылмақ
11 қазан 2024 / Евразия

Қырғызстандық студенттерге АҚШ визасының мерзімі ұзартылмақ

Қырғызстандық студенттерге Америка визасының мерзімі ұзартылмақ. Қырғызстанның АҚШ пен Канададағы Елшісі республика мен мемлекеттер арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.Қырғызстанның АҚШ пен Канададағы елшісі Бақыт Аманбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының Орталық және Оңтүстік Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лумен ресми келіссөздер жүргізді. Кездесу елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылау аясында өтті. 

10 күн ішінде 54 есірткі қылмысы тіркелді
11 қазан 2024 / Новости Казахстана

10 күн ішінде 54 есірткі қылмысы тіркелді

Ішкі істер министрлігі қазан айы басталғалы бері ел аумағындағы есірткі айналымына қатысты 54 қылмыстың жолын кесті. Министрлік мамандары тәркілеген есірткінің жалпы салмағы 250 келіден асқан. Оның ішінде есірткі сатудың - 29, аса ірі мөлшерде сақтаудың - 7, контрабанда және құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 7 оқиғасы тіркелген. Есіркімен күрес шаралары барысында Алматы облысында есірткі зертханасы анықталып, 35 жастағы ер адам ұсталған. 

ҚР СІМ орынбасары АҚШ бизнесін бірлескен инвестициялық жобаларға шақырды
11 қазан 2024 / Новости Казахстана

ҚР СІМ орынбасары АҚШ бизнесін бірлескен инвестициялық жобаларға шақырды

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары АҚШ бизнесін бірлескен инвестициялық жобаларға шақырды. Әлібек Қуантыров Астанада Америка сауда миссиясының делегациясымен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша көмекшісінің орынбасары Дэвид Де Фалько және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм кірген АҚШ Сауда миссиясының делегациясымен кездесті. 

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді
11 қазан 2024 / Новости Казахстана

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. 2024 жылдың 1 қазанына ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді. 

Қазақстан мен Түрікменстан Трансауған дәлізін салады
11 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан мен Түрікменстан Трансауған дәлізін салады

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Президенттің ресми сапары аясында бүгін Ашхабадта қол қойылған көлік саласына қатысты үкіметаралық келісімшарттар туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысының ресми сапары аясында көлік саласында 4 құжатқа, 2 меморандум және 2 үкіметаралық келісімге қол қойылды. «Екі меморандумның бірі – Қазақстан және Түрікменстан аумағы арқылы әрі қарай Ауғанстанға қарай темір жол салу мәселесі, Трансауған арнайы көлік дәлізін салу. Екіншісі – Қазақстанның ашық аспан қағидасын қолдана отырып, Қазақстан мен Түрікменстан арасында тікелей әуе қатынасын ұйымдастыру», - деді М. Қарабаев. 

Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
11 қазан 2024 / Новости Казахстана

Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

18 қазан күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді. Tanda Enbek платформасында түрлі бизнес бағыттар бойынша бос жұмыс орындары орналастырылады. Мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «IteachMe» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Ізденушілер жәрмеңкеге Enbek.kz платформасында тіркелгеннен/аккаунтқа кіргеннен кейін қатыса алады, мұны жәрмеңке өткізілетін күні тікелей жасауға болады. 

Кэтрин ханшайым химиотерапиядан соң көпшілік алдына шықты
11 қазан 2024 / Мир

Кэтрин ханшайым химиотерапиядан соң көпшілік алдына шықты

Уэльс ханшайымы мен оның күйеуі аяқ астынан Саутпортқа келді, олар осы жылдың шілде айында қайғылы жағдайда қаза тапқан үш баланың отбасыларымен кездесті. Бұл Кэтриннің химиотерапияны аяқтағаннан кейін көпшілік алдына бірінші рет шығуы еді. Корольдің отбасына жақын дереккөздердің айтуынша, ол «жергілікті қоғамдастыққа өзінің қолдауын, жанашырлығын және адалдығын көрсету» үшін ханзада Уильямға қосылуды жөн көрген. Елдің солтүстік-батыс жағалауындағы қалаға ханшайымның сапары тұрғындарға тосын сый болды. 

Шымкенттік жасөспірімдер ломбардты тонамақ болған ұрыны ұстады
11 қазан 2024 / Новости Казахстана

Шымкенттік жасөспірімдер ломбардты тонамақ болған ұрыны ұстады

Полицейлердің хабарлауынша, Рысқұлов көшесіндегі ломбардтардың бірінде бетперде киген белгісіз біреу жұмысшыларды тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен. Дәл сол уақытта ломбардта болған 18 жастағы жасөспірімдер басқыншының ойлағанын жүзеге асыруға кедергі жасаған. Олар сақшылар келгенше қылмыскерді ұстап отырған.