Шымкенттік жасөспірімдер ломбардты тонамақ болған ұрыны ұстады
Фото: Видеодан алынған кадр
Videoskrin
Қазақстан жаңалықтары11 қазан 2024, 11:23

Шымкенттік жасөспірімдер ломбардты тонамақ болған ұрыны ұстады

Полицейлердің хабарлауынша, Рысқұлов көшесіндегі ломбардтардың бірінде бетперде киген белгісіз біреу жұмысшыларды тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен. Дәл сол уақытта ломбардта болған 18 жастағы жасөспірімдер басқыншының ойлағанын жүзеге асыруға кедергі жасаған. Олар сақшылар келгенше қылмыскерді ұстап отырған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тұран аудандық полиция қызметкерлері ұрыны қолға түсірген.

«Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұржан Тілеуов жасөспірімдерді ерліктері үшін алғыс хатпен марапаттады», делінген хабарламада.

Шымкент Ломбард Тонау Марапат

Тақырыпқа жаңалықтар