Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Сот шешімі: Салтанаттың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге өтемақы алады
27 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Сот шешімі: Салтанаттың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге өтемақы алады

Салтанат Нүкенованың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге моральдық және материалдық өтемақы өндіріп алады. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі соты марқұмның ағасы Айтбек Амангелдінің ақша өндіру туралы талабын қарап, осындай шешім шығарыпты. 

Алматыда мопедпен жүріп 23 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды
27 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда мопедпен жүріп 23 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Алматы полициясы мопед мінген ұрыны ұстады. Жетісу аудандық полициясының мәліметінше, ол ірі көлемде ақша ұрлыған. Жергілікті полицияға 23 миллион теңге салынған сөмкесі жоғалған азамат арызданған. Оның айтуынша, жәбірленуші көлігін аз уақытқа қалдырып кетіп, қайта оралған кезде әйнектің сынғанын және сөмкенің жоғалғанын көрген. 

Оралда әйел мұғалімді айуандықпен өлтірген еркек 12 жылға сотталды
27 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Оралда әйел мұғалімді айуандықпен өлтірген еркек 12 жылға сотталды

Оралда бастауыш сынып мұғалімін айуандықпен өлтірді деген күдікті, 41 жастағы азаматқа қатысты сот процесі аяқталды. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол мектепке келіп, Надежда Никитинаның компьютерін жөндеп беріп жүрген. Осылайша оның сеніміне кірген Сәрсенов биыл сәуір айында ұстаздың шақыруымен оның үйіне барады. Бұзылған компьютерін жөндеу кезінде екеуара дау туындап, программист оны буындырып өлтірген. «Дұшпан алыстан келмеген» деген күдікті сейілту үшін – пәтерге ұры түскендей етіп, бағалы заттың бәрін үптеп кетіпті –міс. Ол Никитиннаың алтын бұйымдарын, әмиянын, телефонын, банк карталарын алып кеткен. 

Атырауда 15 жасар қызды үйленуі туралы ақпарат тарады
27 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Атырауда 15 жасар қызды үйленуі туралы ақпарат тарады

Атырауда 15 жасар қызды еріксіз тұрмысқа бергені туралы ақпарат тарады. Жергілікті полиция аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғады. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты тергеу ісі жаңғыртылады. 

Wildberries даулы оқиғасы Қазақстан нарығына қалай әсер етеді
27 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Wildberries даулы оқиғасы Қазақстан нарығына қалай әсер етеді

Wildberries Астанада жаңа логистикалық орталықтың құрылысын жалғастыруда. Қойманың ауданы 160 мың шаршы метрден асады, қазір құрылыс аумағында топырақ тегістеліп, бағаналар қағылып жатыр. Соңғы оқиғаларға байланысты компания Қазақстан нарығында қалай жұмыс істейді және тауарлардың кешігуі мүмкін бе — бұл сұрақтарға Wildberries Russ баспасөз қызметі жауап берді. 

Қазақстан футзал құрамасы әлем чемпионын жеңіп, ширек финалға өтті
26 қыркүйек 2024 / Sport

Қазақстан футзал құрамасы әлем чемпионын жеңіп, ширек финалға өтті

26 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен кездесті. Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесіп, қазақстандық футзалшылар екеуінде де қарсыласына есе жіберген. Кездесудің 10-минутта қазақстандық Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, оған португалиялық Зикки 21-минутта бір голмен жауап қайырды. Ойынның бітуіне небәрі 12 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соғып кетті. Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. 

Рейтинг: Креатив нарығында Қазақстан 28 орында
26 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Рейтинг: Креатив нарығында Қазақстан 28 орында

Креативті индустриялар бойынша серпіліс жасаған Қазақстан әлемдік рейтингте 28 позицияға көтерілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Женевада (Швейцария) Global Innovation Index-2024 (GII) беделді әлемдік рейтингінің нәтижелері жарияланды. Сарапшылар білім, ғылым, бизнес, технология және инновация саласындағы жетістіктер — барлығы 80 көрсеткіш бойынша 130-дан астам елдің рейтингін жасады. «Қазақстанның креативті нарығында қарқынды даму серпіні байқалды. Ел „Креативті тауарлар мен қызметтер“ көрсеткіші бойынша 93-тен 65-орынға көтерілді. 

Зеленский: Путин Украинаның АЭС-на шабуыл жасауды жоспарлап отыр
26 қыркүйек 2024 / Мир

Зеленский: Путин Украинаның АЭС-на шабуыл жасауды жоспарлап отыр

Путин Украинаның атом электр станцияларына шабуыл жасауды жоспарлап отыр, деді Зеленский. Украинаның барлау қызметі Ресей президентінің атом электр стансаларын елдің энергетикалық жүйесінен ажырату мақсатында Украинаның атом электр станцияларына және олардың инфрақұрылымына шабуыл жасау жоспарлары туралы білді, деп хабарлады Украина президенті БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында. 

RFA компаниясы Өзбекстанда IT орталығын ашуды жоспарлап отыр
26 қыркүйек 2024 / Евразия

RFA компаниясы Өзбекстанда IT орталығын ашуды жоспарлап отыр

RFA компаниясы Өзбекстанда IT орталығын ашуды жоспарлап отыр. Компания басшысы республика билігі IT саласын дамытуға қолайлы жағдай жасағанын ерекше атап өтті. Ташкентте Өзбекстанның цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов пен америкалық RFA компаниясы делегациясының кездесуі өтті. Бұл компания Өзбекстанда заңды тұлға ретінде тіркелген және «Нөл тәуекел» бағдарламасын пайдалануға қызығушылық танытып, «T Park Uzbekistan резиденті мәртебесін алуға дайындалуда және болашақта республикада IT орталығын ашуды жоспарлап отыр.