Атырауда 15 жасар қызды үйленуі туралы ақпарат тарады
Фото: ҚР ІІМ
QR IIM
Қазақстан жаңалықтары27 қыркүйек 2024, 9:45

Атырауда 15 жасар қызды үйленуі туралы ақпарат тарады

Атырауда 15 жасар қызды еріксіз тұрмысқа бергені туралы ақпарат тарады. Жергілікті полиция аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғады. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты тергеу ісі жаңғыртылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс тіркелді. Алайда, алғашқы тергеу кезінде жәбірленуші тарап қылмыс құрамын толыққанды тергеу үшін тиісті сот-медициналық, психиатриялық сараптамаларынан өтуден бас тартты. Осылайша, кешенді тергеу әрекетін жүргізуге кедергі келтірді. Әлеуметтік желіде таралған мәліметтер бойынша тергеу жаңғыртылады. Тексеру жүргізіледі», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

 

Атырау 15 жасар қыз үйлену

Тақырыпқа жаңалықтар