Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Адам папилломавирусына қарсы вакцинация жүріп жатыр
24 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Адам папилломавирусына қарсы вакцинация жүріп жатыр

Елордада адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация науқаны басталды. Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қорғауға бағытталған, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қазір қалада вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы бар. Жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға қала бойынша барлығы 13 мыңға жуық 11 жастағы қыздар жатады. Сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға толықтыра иммундау қарастырылған. 

Израиль әскерлері әл-Жазираның Рамалладағы кеңсесіне басып кірді
23 қыркүйек 2024 / Мир

Израиль әскерлері әл-Жазираның Рамалладағы кеңсесіне басып кірді

Израиль әскерлері әл-Жазираның Рамалладағы кеңсесіне басып кірді. Телеарна 22 қыркүйекке қараған түні тікелей эфирде кеңсеге әскерлер кіріп, 45 күн бойы хабар таратуды үзу туралы әскери бұйрықты жеткізген кадрларды көрсетті. Осыдан кейін хабар үзілді, деп таратты Reuters. Ақ үй бұған дейін «әл-Жазираны жабу жоспары туралы ақпарат расталса, бұл «мазасыздық» тудырады, өйткені мұндай әрекет сөз бостандығын тікелей бұзады деген еді. 

DW: Қытай деректерді бұрмалағанымен, бұл жұмыссыздықты жасыра алмайды
23 қыркүйек 2024 / Мир

DW: Қытай деректерді бұрмалағанымен, бұл жұмыссыздықты жасыра алмайды

"Қытай деректерді бұрмалағанымен, бұл жұмыссыздықты жасыра алмайды". 2023 жылы Қытайдағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі рекорд көрсеткішке жетіп, 21,3%-ды құрады. Содан кейін Бейжің деректерді жариялауды тоқтатты: Қытайдың Ұлттық статистикалық бюросы студенттерді бағалаудан шығарып тастады және желтоқсанда елдегі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі үштен біріне қысқарған. 

ІІМ: Жасөспірімдердің телефонынан суицидке итермелейтін ойын табылған жоқ
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

ІІМ: Жасөспірімдердің телефонынан суицидке итермелейтін ойын табылған жоқ

Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің телефондарынан суицидке итермелейтін ойындар табылған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті. Алматыда суицид жасаған екі жасөспірімге қатысты олардың телефондарына тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Суицидке итермелейтін ойындарға қатысу фактісі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта өшірілген жазбалар мен қосымшаларды қалпына келтіру үшін телефондарға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр. 

Шақыртуға келген дәрігерлердің көлігін мініп кеткен
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шақыртуға келген дәрігерлердің көлігін мініп кеткен

19 қыркүйекке қараған түні Қостанай полициясы науқастың шақыртуына келген жеке клиника дәрігерлерінің көлігі ұрланғаны туралы хабар алды. Тәртіп сақшылары бірден "Ұстау" жоспарын енгізді. 

Иран әскери парадта жаңа зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарын таныстырды
23 қыркүйек 2024 / Мир

Иран әскери парадта жаңа зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарын таныстырды

Иран әскери парадта жаңа зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарын таныстырды. «Бүгінде біздің қорғаныс және тосқауыл қояр әлеуетіміздің өскені сонша, біздің қымбатты Иранға қарсы агрессия туралы бірде-бір жынның ойына да келмейді», - деп келтіреді IRNA мемлекеттік агенттігі ел президенті Масуд Пезешкианның сөзін. 

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаражат жұмсалады
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаражат жұмсалады

Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарын оқытуға бөлінген бюджет қаражатының сомасын атады. Орталық мәліметіне қарағанда, оқыту құны білім бағдарламасына, баратын елге және таңдалған мамандыққа байланысты өзгеріп тұрады. Сонымен қатар, қаржыны есептеу кезінде университеттің рейтингі, оның орналасқан жері, бағдарламаның ұзақтығы да маңызды рөл атқарады. 

ШҚО: Кәсіпорынның 220 жұмысшысы жалақы алмай келген
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

ШҚО: Кәсіпорынның 220 жұмысшысы жалақы алмай келген

Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінде жалақыларын ала алмай келген 220 жұмысшының құқығы қорғалды. Риддер қаласының прокурорлары «Водоканал» кәсіпорнының 220 қызметкеріне жалақы төленбей келе жатқандығын анықтаған. Компанияның жұмысшыларға берешегі - 50 млн теңгеден асып кеткен. Марқакөл ауданының прокуратурасы «Теректі» коммуналдық кәсіпорнында 16 жұмысшы 2 ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 млн теңгені құрағанын анықтады. 

Әкімнің ұлы анасын ұрғаны үшін сотталды
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Әкімнің ұлы анасын ұрғаны үшін сотталды

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы сотында 78 жастағы кейуананы ұрып-соққан ер адамға қатысты іс қаралды. Бұрынғы қала әкімінің ұлы қарт анасына қол көтергені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары айыпталушы 1946 жылы туған анасына қасақана дене жарақатын салғаны, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені және дәрменсіз күйде болған қарияға қатысты қылмыс жасағаны үшін ҚК 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айып тақты.