Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
18 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады. 

«Ертіс орманында» 2029 жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды
18 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Ертіс орманында» 2029 жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды

«Ертіс орманы» табиғи резерватында 2029 жылға дейін ағаштың барлық түрін кесуге тыйым салынды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің арнайы бұйрығы шықты. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 10 қыркүйектегі 27-03/249-НҚ бұйрығымен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынды.

Өзбекстан мен Германия іскерлік байланыстарды нығайтуға ниетті
18 қыркүйек 2024 / Евразия

Өзбекстан мен Германия іскерлік байланыстарды нығайтуға ниетті

Өзбекстан мен Германия іскерлік байланыстарды нығайтуға ниетті. Республика Президенті Германия канцлеріне әріптестікті дамытқаны үшін алғыс айтты. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Германия канцлері Олаф Шольцқа жолдауында Берлин мен Ташкенттің жасыл энергетика, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларындағы жүйелі және сенімді ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді. 

Шығыс Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар саны 2 жарым есеге артып кетті
18 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар саны 2 жарым есеге артып кетті

Шығыс Қазақстан облысында биыл пневмонияға шалдыққандар саны 2 жарым есеге артып кетті. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде биыл 2526 адамға пневмония диагнозы қойылған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 787, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 86, ересектер – 1653. 

Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алды
18 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда әскери қызметші тапаншадан жарақат алды

Алматының №5571 әскери бөлімінде әскери қызметші қарудан жарақат алды. Аталған жағдайға байланысты ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

Екібастұзда өсірілетін қызанақтан қауіпті вирус анықталды
18 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Екібастұзда өсірілетін қызанақтан қауіпті вирус анықталды

Greenhouse-Qaztomat ЖШС жылыжай кешенінен қызанақ жемістерінің вирусы (Tomato brown rugosefruit virus) анықталды. Вирус табылған қызанақ партиясы толығымен жойылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы жариялаған зерттеу қорытындысы бойынша қызанақ жемістерінің вирусы (Tomato brown rugosefruit virus) карантиндік объектіде тіркелген. Қауіпті вирус жылыжайдың шамамен 7,5 гектар алаңына тарап үлгерген. 

ФЕЙК: 14 - 75 жас аралығындағыларға 70 мыңнан төленеді
18 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

ФЕЙК: 14 - 75 жас аралығындағыларға 70 мыңнан төленеді

14-75 жас аралығындағы қазақстандықтарға 70 мың теңгеден төленеді деген ақпарат өтірік. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен роликтің жалған екендігін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ескертіп отыр. 

Канада профессоры: Қазақстан бірнеше АЭС салуға қауқарлы
18 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Канада профессоры: Қазақстан бірнеше АЭС салуға қауқарлы

Атом энергетикасы саласындағы халықаралық сарапшылар Қазақстан билігінің АЭС салу бойынша ниетін толық қолдап отыр. Мәселен, Канада университетінің профессоры еліміздің бір ғана емес, бірнеше атом электр станциясын салуға қауқары жетеді деп есептейді.