«Ертіс орманында» 2029 жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды
Фото: Ертіс орманы резерваты
Ertis ormanı rezervatı
Қазақстан жаңалықтары18 қыркүйек 2024, 11:00

«Ертіс орманында» 2029 жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынды

«Ертіс орманы» табиғи резерватында 2029 жылға дейін ағаштың барлық түрін кесуге тыйым салынды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің арнайы бұйрығы шықты. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 10 қыркүйектегі 27-03/249-НҚ бұйрығымен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде орман кесудің барлық түрлеріне (өтімді қоқыстарды жинаудан, тілмелерді кесуден және орман күтімін кесуден басқа) тыйым салу енгізілсін»,- делінген құжатта.

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аталған бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

«Ертіс орманы» резерваты Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылықтарынан, оның ішінде 16 орманшылықтан тұрады. Орман жамылғысының жалпы аумағы 177 мың гектар. Қорғалуы жағынан аса құнды орман алқаптары санатына жатады. 2023 жылы прокуратура резерват аумағынан 331 текше метр көлемінде заңсыз ағаш кесілгенін анықтады.

Ертіс орманы 2029 жыл ағаш кесу тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар