Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

22 талапкер Ғылым министрлігіне қарсы арыз берген
16 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

22 талапкер Ғылым министрлігіне қарсы арыз берген

Жоғары балл жинағанымен мемлекеттік білім грантына ие бола алмаған 22 талапкер Ғылым министрлігіне қарсы арыз берген. Бұл туралы Ақордада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. «Ғылым және жоғары білім министрлігіне 22 арыз түсті. Бірінші азаматтың арызы соттың шешімімен бірден қайтарылды. Неге десеңіз, талапкер мемлекетті гранттың иесі. Жалпы, іс өз-өзінен тоқтатылды. Қазіргі таңда Астана әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр. 19 қыркүйек күні соттың бірінші отырысы өтеді. Алайда, сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің де, мемлекеттің де грантын алған. Енді тек соттың шешімімін күтеміз», – деді ол. 

Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік награда табысталды
16 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына мемлекеттік награда табысталды

Үкімет үйі ғимаратында XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті. Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыс еттіҮкімет басшысы спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтады. 

Қызылордада бір жүргізуші 22 рет жол ережесін бұзған
16 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қызылордада бір жүргізуші 22 рет жол ережесін бұзған

Қызылордада жылдамдық режимін 22 мәрте бұзған тұрғын 886 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Биыл шілде айынан бастап Қызылорда қаласында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылды. 

Польша СІМ: ЕО украин ер адамдарды әлеуметтік жеңілдіктен айыруы керек -
16 қыркүйек 2024 / Мир

Польша СІМ: ЕО украин ер адамдарды әлеуметтік жеңілдіктен айыруы керек -

ЕО украиндық ер адамдарды әлеуметтік жеңілдіктерден айыруы керек, деді Польша сыртқы істер министрі.  Польша Еуропадағы әскери жастағы украиналық ер азаматтарды үйіне қайтып оралуға және Ресейдің басқыншылығына қарсы тұруға ынталандыру үшін оларға әлеуметтік төлемді тоқтатуды жақтайды, деп хабарлады Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский. Сикорский Польшаның босқындарға мұндай төлем жасамайтынын атап өтіп, басқа Еуропа елдерін өз ұсынысын жүзеге асыруға шақырды. 

Бішкекте студенттер мен оқушылардың жаңа оқу кестесі наразылық туғызды
16 қыркүйек 2024 / Евразия

Бішкекте студенттер мен оқушылардың жаңа оқу кестесі наразылық туғызды

Бішкекте студенттер мен оқушыларға арналған жаңа оқу кестесі наразылық туғызды. Білім және ғылым министрлігінде атап өткендей, жобаға теріс пікір берілген, бірақ әкімдік бұған мән бермеген. Догдуркүл Кендирбаева басқаратын Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі министрлер кабинеті мен Бішкек әкімдігіне оқушылар мен студенттерге арналған жаңа сабақ кестесін жоюды сұрап хат дайындап жатыр. Министрлік әуелі әкімдіктің бұл бастамасына қарсы болғанымен, оның қарсылығы ескерілмеді. 

"Ахмат" командирі тұтқыннан өз еркімен берілген шешендерді құтқаруға ниетті емес
16 қыркүйек 2024 / Мир

"Ахмат" командирі тұтқыннан өз еркімен берілген шешендерді құтқаруға ниетті емес

"Ахмат" командирі тұтқыннан өз еркімен берілген шешендерді құтқаруға ниетті емес. Апти Алаудинов өзінің Telegram парақшасында украиндық әскерилердің қолына түскен отандастарының туыстары жақындарын босатуға көмектесуін өтініп жатқанын айтты. Бұған Ресей армиясының «Ахмат» әскери бөлімінің командирі бас тартты, өйткені олар «өмір сүруге лайық емес». Алаудиновтың айтуынша, «ежелден шешендер берілуді ең үлкен масқара деп санаған», сондықтан ол Украина қарулы күштеріне өз еркімен берілген жауынгерлерді ауыр жараланбаса,  құтқара алмайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцті Ақордада қарсы алды
16 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев Олаф Шольцті Ақордада қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Ақордада қарсы алды. Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады. 

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсы басталды
16 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсы басталды

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарланды. Бағдарлама жастар бастамаларын қолдауға бағытталған және 14 пен 35 жас аралығындағы Алматы тұрғындарына өз жобаларын іске асыруға 1 000 000 теңге алуға мүмкіндік береді. 

Роналдудан вирус инфекциясы анықталды
16 қыркүйек 2024 / Мир

Роналдудан вирус инфекциясы анықталды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жұлдызы Криштиану Роналду Азия чемпиондар лигасы аясындағы «Әл-Шортаға» қарсы ойынға қатыса алмайды. 39 жастағы шабуылшының денсаулығы нашарлаған. Медициналық тексеру нәтижесінде португалдық футболшыдан вирустық инфекция анықталды. «Әл-Наср» дәрігері ойыншыға емдеу курсын жазып берді. Криштиану алдағы матчқа қатыспайды.