Қызылордада бір жүргізуші 22 рет жол ережесін бұзған
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары16 қыркүйек 2024, 17:00

Қызылордада бір жүргізуші 22 рет жол ережесін бұзған

Қызылордада жылдамдық режимін 22 мәрте бұзған тұрғын 886 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Биыл шілде айынан бастап Қызылорда қаласында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйекте қала аумағында «Арқан» және «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 22 және 7 мәрте бұзған көлік жүргізушілері анықталды. Олардың бірі 886, екіншісі 332 мың айыппұл төлеуден жалтарып жүрген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып алаңына қойылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қызылорда жүргізуші жол ережесін бұзған

Тақырыпқа жаңалықтар