Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға қашан тыйым салынады
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Ауыр көліктерге автожолда жүк тасымалдауға қашан тыйым салынады

ҚР Көлік министрлігі карьерлік ауыр жүк көліктерінің жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдармен жүруіне тыйым салуға қатысты түсінік берді. «2022 жылы «Автомобиль көлігі туралы» Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ауыр жүк көліктерінің рұқсат етілген жалпы салмағы белгіленген нормадан асып кетсе, жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарда жүктерді тасымалдауға тыйым салу ескерілген. Қазіргі кезде министрлік жалпы пайдаланымдағы автожолдар бойынша ауыр салмақты (жүксіз салмағы 12 тоннадан асатын) осындай көліктермен жүктерді тасымалдауға тыйым салуды енгізу мерзімін 2025 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру бөлігінде тиісті жұмысты атқарып жатыр», - деді. 

Агро-кәсіпорындарға жеңілдетілген жаңа несие бағдарламасы іске қосылады
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Агро-кәсіпорындарға жеңілдетілген жаңа несие бағдарламасы іске қосылады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков аграрлық саланы қаржыландыру тетіктері туралы айтып берді. «Үкіметтің қолдауымен егін егу және егін орағы жұмыстарына жылына 5% мөлшерлемемен 580 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 100 млрд теңгесі жеңілдетілген лизингке бағытталған. 2025 жылы 5% мөлшерлемемен көктемгі егіс және егін орағы науқанын жеңілдетілген қаржыландыру жалғасады. Несиені ұзартудың салдарынан кепілдіктердің болмау мәселесін шешу мақсатында «Даму» қоры арқылы несиелерді кепілдендіру механизмі енгізілді. Ол несие сомасының 85 пайызын кепілдендіруге мүмкіндік береді», - деді Е.Тасжүреков. 

Астаналықтарды үй алып беремін деп алдаған әйел сотталды
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Астаналықтарды үй алып беремін деп алдаған әйел сотталды

Астаналықтарға жарты млрд теңге шығын келтірген алаяқ сотталды. Сотталушы өзін кооператив иесі екеніне сендіріп, үй алуға көмектесемін деп иландырған. 41 жастағы әйел, тіпті, кеңсені жалға алып, әлеуметтік желілерде жалған жарнамасын белсенді түрде таратқан. Алаяқ «Отбасы», «50-де 50», «Тез арада бөліп төлеу» және «Жинақ» деген бағдарламаларды ойлап тауып, сол арқылы тұрғын үй сатып алуға көмек көрсетуге уәде берген. Осылайша, салымшылар алаяқтың арнайы ашық шотына ақша аударған, өз пайдасын көздеген ол активтерді кейбір инвесторлардың есебінен тарту арқылы Астана, Ақмола облысы, Ақтау және Атырау қалаларынан кезекте тұрған басқа тұрғындарға баспана сатып алып берген. 

Еімізде ескі лифттер жаңартылады
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Еімізде ескі лифттер жаңартылады

Елімізде ескі лифттер жаңасына ауыстырылатын болады. Жауапты министрлік бұл жұмысты келер жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Көпқабатты үйлерде тозығы жетіп қалт құлт еткен лифт көп.  Адам өміріне қауіп төндіретін жеделсаты мәселесі бұдан былай шешілетін сияқты.  Ол үшін арнайы тексеріс жүріп, қолдану мерзімі 25 жылдан асқан, техникалық талапқа сай келмейтін жеделсатылар түгел жаңаланбақ. Техникалық регламентті сақтап, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы жеделсатылар егжей-тегжейлі тексеріледі. 

Еуроодақтың газ қоймалары 90 пайызға толған – белгіленген мерзімнен екі ай бұрын
23 тамыз 2024 / Мир

Еуроодақтың газ қоймалары 90 пайызға толған – белгіленген мерзімнен екі ай бұрын

Еуроодақтың газ қоймалары 90 пайызға толған – белгіленген мерзімнен екі ай бұрын. ЕО «келесі қысқа дайын», - деп хабарлады Еуропалық комиссия Gas Infrastructure Europe порталында мәліметтерді жариялау кезінде. ЕО-ға мүше елдердің келісімдері бойынша, Ресейдің Украинаға басып кіруі және «газ шантажы» фонында қауымдастықтың газ қоймалары 1 қарашаға дейін 90 пайызға толтырылуы керек еді.

Путин Украинаны Курск АЭС-на шабуыл жасамақ болды деп айыптады
23 тамыз 2024 / Мир

Путин Украинаны Курск АЭС-на шабуыл жасамақ болды деп айыптады

Путин Украинаны Курск атом электр станциясына шабуыл жасамақ болды деп айыптады. «Жау бүгін түнде атом электр стансасына соққы бермек болды», - деп хабарлады ТАСС Ресей президентінің Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы шабуыл операциясына арналған кеңесте. 

Бастығының көліктерін сатып жіберіп, кейін киллер жалдап өлтірмек болған
23 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Бастығының көліктерін сатып жіберіп, кейін киллер жалдап өлтірмек болған

Киллер жалдап, өзін өлтірмек болған қылмыскердің кесірінен тақырға отырған. Астанада бастығының 18 көлігін сатып жіберіп, мұны жасыру үшін оның көзін жоюға тапсырыс берген жігіт сотталса да, жәбірленушінің мүлкі өзіне қайтарылмапты. Сотталушы машиналарды заңсыз жолмен арзан бағамен таныстарына сатқан. Кейін олар да үстіне ақша қосып, көліктер өзге адамдардың қолына өтіпті. Ал өлім ауызынан қалған кәсіпкер енді сот жағалауға мәжбүр.