Еімізде ескі лифттер жаңартылады
Елімізде ескі лифттер жаңасына ауыстырылатын болады. Жауапты министрлік бұл жұмысты келер жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Көпқабатты үйлерде тозығы жетіп қалт құлт еткен лифт көп. Адам өміріне қауіп төндіретін жеделсаты мәселесі бұдан былай шешілетін сияқты. Ол үшін арнайы тексеріс жүріп, қолдану мерзімі 25 жылдан асқан, техникалық талапқа сай келмейтін жеделсатылар түгел жаңаланбақ. Техникалық регламентті сақтап, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы жеделсатылар егжей-тегжейлі тексеріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.
Әлия Әбдірахманова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша жергілікті атқару органдары лифтілерді ауыстыруға кіріскен. Биыл 224, келер жылы 300-ден аса жеделсаты ауыстырылады. Техникалық регламентті сақтау үшін жан-жақты зерттеліп, жоспарлы кесте жасалады. Оны аумақтық штабтар бірлесе жүзеге асырады.