Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекеттер басшыларының шағын құрамдағы кездесуінен кейін ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мемлекеттік сапардың басты мақсаты достыққа және өзара қолдауға негізделген қазақ-тәжік қатынастарын мүлдем жаңа деңгейге көтеруді көздейтін ортақ мұратқа сай келетінін айтты. Осы орайда Мемлекет басшысы бүгін қол қойылатын Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шарттың айрықша маңызына назар аударды,. 

Дональд Трамп митингте оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйледі
22 тамыз 2024 / Мир

Дональд Трамп митингте оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйледі

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзіне қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет ашық митинг өткізді. Саясаткердің оқ өтпейтін әйнек артында тұрып сөйлегенін C-SPAN жариялаған кадрлардан көруге болады. Митинг Солтүстік Каролина штатының Эшборо қаласында өтті. Республикалық кандидатты төрт әйнектен тұратын оқ өтпейтін панельдер қорғап тұрды: біреуі алдыңғы жағында және үшеуі артқы жағында. Бұған дейін америкалық БАҚ экс-президенттің басында болған оқиғадан кейін АҚШ құпия қызметі қауіпсіздік шараларын қабылдайтынын хабарлаған болатын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойды
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойды

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа салтанатты түрде қол қойды. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. 

Қазақстанда соңғы қоңырау күні ауыса ма
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда соңғы қоңырау күні ауыса ма

Оқу-ағарту министрі 2024-2025 оқу жылында соңғы қоңырау қашан болатынын айтты. Назарбаев Университеті базасында өткен мұғалімдердің республикалық тамыз саммиті аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа «Соңғы қоңырау 25 мамырдан 1 маусымға ауыстырыла ма?» деген сұрақ қойылды. Журналистің сұрағына жауап бере отырып министр соңғы қоңырау басқа күнге ауыстырылмайтынын айтты. 

Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды

Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды Әлихан «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсеткен. Нәтижесінде ол үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса Қазақстан студентіне кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталған. 

Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

Былтырғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша грант иегері Қанат Тәжіхан «Future Solar Power Plant» жобасын жүзеге асырды. Өнертапқыш Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Ол болашақта IT инженері болуды армандайды. Қанат Тәжіхан грант қаражатына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасап шығарды. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған. Автордың айтуынша, оның жобасы Қазақстан нарығындағы ең тиімдісі. 

Алматыда бір айда 6 бала терезеден құлаған
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Алматыда бір айда 6 бала терезеден құлаған

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бағдат Чайзада елімізде жыл басынан бері 150-ден астам бала терезеден құлап кеткенін айтты. 

Әуежайда маймыл шешегін жұқтырғандарды анықтау дайындығы пысықталды
22 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Әуежайда маймыл шешегін жұқтырғандарды анықтау дайындығы пысықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Астана және Алматы халықаралық әуежайларында маймыл шешегі сияқты карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар адамдарды анықтау бойынша оқу-жаттығу өткізді. 

Жапония тұратын 116 жастағы Томико Итока әлемдегі ең қарт адам атанды
22 тамыз 2024 / Мир

Жапония тұратын 116 жастағы Томико Итока әлемдегі ең қарт адам атанды

Жапонияның Аcия қаласының тұрғыны, 116 жастағы Томико Итока әлемдегі ең қарт адам атанды. Томико Итока испаниялық 117 жастағы Мария Браньяс қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам атанды. Томико елдің Хиого префектурасына қарасты Асия қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Үш ай бұрын Томико өзінің 116 жасын тойлап, қала мэрінен гүл шоқтары мен торт (өзіне ұнамағанын мойындады) және құттықтау қағазын алды. Қызметкерлер есту қабілетінің бұзылуына қарамастан, ол анық сөйлейтінін және оларға үнемі алғыс білдіретінін атап өтті.