Алматыда бір айда 6 бала терезеден құлаған
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бағдат Чайзада елімізде жыл басынан бері 150-ден астам бала терезеден құлап кеткенін айтты. Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматыда осы жылдың 8 айында баланың терезенің құлап кетуі бойынша 11 жағдай тіркелген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның алтауы биыл тамыз айында болған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
— Балалар түрлі жарақаттармен, соның ішінде ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Абырой болғанда, бүлдіршіндер жазылып, үйлеріне жіберілді», - деді Бағдат Чайзада.
Сондай-ақ оның айтуынша, 5 оқиға — ата-аналар мен қамқоршылардың балаларды қараусыз қалдыруынан, біреуі — ата-ананың қырағылық танытпауы себебінен туындаған. Соңғы жағдайда, баланың 38 жастағы әкесі таңертең басқа бөлмеде ұйықтап жатқан.
— Соңы қайғылы аяқталып жататын жазатайым оқиғалардың негізгі себебі — балаларды қараусыз қалдыру және көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінде қорғаныс құралдарының болмауы, — деді ол.