Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Рулі оң жақтағы такси көліктеріне қатысты шектеу енгізіледі
20 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Рулі оң жақтағы такси көліктеріне қатысты шектеу енгізіледі

Көлік министрі Марат Қарабаев рулі оң жақтағы такси көліктеріне қатысты шектеу енгізілетінін айтты. «InDriver агрегаторымен тиісті меморандумға қол қойдық. Құжатта оң рульді көліктерді InDriver жүйесінде тіркеуден бас тарту қарастырылған. Яғни, оң рульді көліктерге таксиде жүруге тыйым салынады, сондықтан InDriver де, Яндекс те оларды өз қосымшаларында тіркемейді», - деп түсіндірді М. Қарабаев,. 

Зеленский: УҚК Ресейдің 92 елді мекенді және 1250 шаршы км Ресей аумағын бақылайды  
20 тамыз 2024 / Мир

Зеленский: УҚК Ресейдің 92 елді мекенді және 1250 шаршы км Ресей аумағын бақылайды  

Украина қарулы күштері Ресей Федерациясындағы 92 елді мекенді және 1250 шаршы км Ресей аумағын бақылайды.  Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы операциясы украиндық әскери қызметкерлерді ресейлік тұтқыннан босату үдерісіндегі «ең үлкен инвестиция» болды, деді Владимир Зеленский Украинаның шетелдік дипломатиялық мекемелері басшыларының кездесуінде.

Қазақстан нарығына жаңа такси қызметі кіруі мүмкін
20 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан нарығына жаңа такси қызметі кіруі мүмкін

Эстониялық Bolt компаниясы такси саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. 

Алматыда 11 жасар бала терең қазылған орға құлап кетті
20 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Алматыда 11 жасар бала терең қазылған орға құлап кетті

Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туған бала құлап кетті. Оқиға орнына келген ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шыққан.

Конгода 548 адам маймыл шешегінен қайтыс болды
20 тамыз 2024 / Мир

Конгода 548 адам маймыл шешегінен қайтыс болды

Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінен қайтыс болғандар саны 548-ге жетті.  Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Конгода 2023 жылдан бері жұқпалы вирустан мыңнан астам тұрғын көз жұмған. 

Қостанайда полиция қызметкері тұрғындарға несие алғызған
20 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қостанайда полиция қызметкері тұрғындарға несие алғызған

Қостанай облысында алаяқтық жасаған полицей сотталды. Ауылдық полиция қызметкері өз атына несие алған ауылдастарын адастырған. Полицей бұл ақшаны бәс тігуге жұмсаған. Оқиға Қостанай облысының Денисовский ауданында болды. Полиция капитаны 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың маусым айына дейін ауылдастарын түрлі сылтаулармен екінші деңгейлі банктерден несие алуға көндірген. Ер адам бар ақшасын лотерея клубындағы ставкалар мен ойындарға жұмсаған. 

Түркістан облысында сұңқар тектес құстардың саны азайып кеткен
20 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Түркістан облысында сұңқар тектес құстардың саны азайып кеткен

Ерекше қорғауға алынған құстарды заңсыз аулаушылар жауапқа тартылып, 700 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.1 тамыз-31 қазан аралығында еліміздің 12 аймағында «Сұңқар» кең көлемді табиғатты қорғау акциясы өтеді. Басты мақсат - «Қызыл кітапқа» енген сұңқар тектес құстарды ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз аулау қызметін анықтау және оларды қорғау. 

«Өзіне пиар жасаған»: Сот Нүкеноваға қатысты ақпарат таратқан блогердің ісін қайта қарады
20 тамыз 2024 / Новости Казахстана

«Өзіне пиар жасаған»: Сот Нүкеноваға қатысты ақпарат таратқан блогердің ісін қайта қарады

Алматы қалалық сотында С. Нүкеноваға қатысты ақпарат таратқан А.Бударовқа қатысты азаматтық іс алқалық тәртіпте қайта қаралды. Бұған дейін сот А.Бударов тарапынан Instagram парақшасында таратылған С. Нукеноваға қатысты мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін, ар-намысын, қадір-қасиетін қорлайтындығын мойындап, жауапкерге оларды өзінің жеке парақшасында жариялы түрде жоққа шығару міндетін жүктеген.