Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Ресей: Стерлитамак мұнай-химия зауытында жарылыс болды
19 тамыз 2024 / Мир

Ресей: Стерлитамак мұнай-химия зауытында жарылыс болды

Ресей билігі Стерлитамак қаласындағы мұнай-химия зауытында жарылыс болғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, өнім құбырындағы жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті. Қала әкімшілігінің мәліметінше, оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. 

Lufthansa Израильге, Иранға және бірқатар көрші елге рейс тоқтату мерзімін ұзартты
19 тамыз 2024 / Мир

Lufthansa Израильге, Иранға және бірқатар көрші елге рейс тоқтату мерзімін ұзартты

Lufthansa Израильге, Иранға және бірқатар көрші елдерге рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты. Тель-Авив, Тегеран, Бейрут, Амман және Эрбилге рейстер 26 тамызды қоса алғанда тоқтатылды, деп хабарлайды Reuters Германияның Lufthansa әуе компаниясының хабарламасына сілтеме жасап. 

Зеленский: УҚК Курск облысындағы мақсаты — буферлік аймақ құру
19 тамыз 2024 / Мир

Зеленский: УҚК Курск облысындағы мақсаты — буферлік аймақ құру

"Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы мақсаты — буферлік аймақ құру". «Біздің қорғаныс іс-қимылдарымыздың негізгі міндеті — Ресейдің соғыс әлеуетін барынша жою және барынша қарсы шабуыл жұмыстарын жүргізу, атап айтқанда, бұл агрессордың аумағында буферлік аймақты құру — бұл Курск аймағындағы операциямыз.», - деді Украина президенті 18 тамызда жарияланған видео үндеуінде. 

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына өзгеріс енгізілді
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына өзгеріс енгізілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасына өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 3 033 адам болып бекітілді. Ал қоныс аударушыларды қабылдаудың биылғы өңірлік квотасының санында 6 450 адам белгіленді. 

Жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеу: аумақ тәулік бойы күзетіледі
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Жасөспірімді жезөкшелікке мәжбүрлеу: аумақ тәулік бойы күзетіледі

Қызылорда қаласында сыныптастарының мәжбүрлеуімен жезөкшелікпен айналысып жапа шеккен қыз баланың мекенжайы күзетпен қамтамасыз етілді. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне Бала құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкіл Жақсыгүл Тоғанова айтып берді. 

Ресей Донбастан Курск облысына бөлімшелерді ауыстырды
19 тамыз 2024 / Мир

Ресей Донбастан Курск облысына бөлімшелерді ауыстырды

Ресей Федерациясы Донбастан Курск облысына бөлімшелерді ауыстырды, бірақ бұл украиналық шабуылды тойтару үшін жеткіліксіз. - деп жазады WSJ.  The Wall Street Journal ақпарат көздеріне сілтеме жасап жазғандай, Донецк облысындағы 5 мыңға жуық ресейлік сарбаз майданнан шығарылып, Курск облысына ауыстырылды. Бірақ, басылымның мәліметінше. Украина қарулы күштерімен сәтті күресу үшін кем дегенде 20 000 әскери қызметкер қажет. 

Алматыдағы әуесқой лигасында ойыншылар төрешіні соққыға жыққан
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Алматыдағы әуесқой лигасында ойыншылар төрешіні соққыға жыққан

Алматыда футболдан әуесқой J лига ойыны кезінде жанжал шықты. Pioneer мен Eric-Son командалары кездесуінде ойыншылар төрешіні соққыға жыққан. Матчтың 80 минутында бас төреші Pioneer командасының ойыншысына қызыл қағаз көрсеткен. Шешіммен келіспеген футболшы төрешіге бірнеше рет соққы жасады. Артынша бұл оқиға үлкен жанжалға ұласып, команданың бірнеше өкілі алаңнан кеткен төрешіні соққыға шыққан. 

Атбасарда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Атбасарда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Ақмола облысының Атбасар қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды. Полиция іс қозғады. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы тамыздың 18-де түнгі сағат 02:50 шамасында болған. «Атбасар қаласында жаяу адамды көлік қағып кетті, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Осы оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді ведомстводан.