Ресей: Стерлитамак мұнай-химия зауытында жарылыс болды
Ресей ТЖМ
Reseydiñ TJM
Әлем19 тамыз 2024, 16:20

Ресей: Стерлитамак мұнай-химия зауытында жарылыс болды

Ресей билігі Стерлитамак қаласындағы мұнай-химия зауытында жарылыс болғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, өнім құбырындағы жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті. Қала әкімшілігінің мәліметінше, оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «газ құбырының әуе желісінде қысымның төмендеуі, содан кейін сұйытылған газдың жануы орын алған».

Оқиға орнында 20 маман мен алты техника жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады министрлік.

Стерлитамак мұнай-химия зауыты Жарылыс Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар