Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Жетісу облысында экс-депутат бала зорлады деген күдікке ілінді
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Жетісу облысында экс-депутат бала зорлады деген күдікке ілінді

Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген экс-депутатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақсу аудандық полиция бөлімі зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. 

Forbes: Курск облысында УҚК көп бронетехникасын жоғалтып жатыр
19 тамыз 2024 / Мир

Forbes: Курск облысында УҚК көп бронетехникасын жоғалтып жатыр

Курск облысында Украина Қарулы Күштері көптеген бронетехникасын жоғалтып жатыр, бірақ шабуыл сәтті болса, шығынды ақтауға болады, деп жазады Forbes.  Курск облысындағы шабуыл кезінде Украина күштері әсіресе осал. 9 күн ішінде олар 4 танкі мен 41 жаяу әскердің жауынгерлік машинасынан, оның ішінде британдық «Челленджер 2» танкісінен (суретте) және америкалық «Страйкер» бронетехникасынан айырылды. 

Лондон мизогинияны экстремизммен теңестіруді жоспарлап отыр
19 тамыз 2024 / Мир

Лондон мизогинияны экстремизммен теңестіруді жоспарлап отыр

Лондон мизогинияны экстремизммен теңестіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы экстремизмге қарсы күрестің мемлекеттік стратегиясын қайта қарауға бастамашы болған Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Иветт Купер мәлімдеді. Радикалды мизогиния – әйелдерге деген өшпенділік идеологиясы да экстремистік идеологиялардың бір түрі ретінде танылуы керек. 

Әзірбайжан БРИКС-ке қосылғысы келеді
19 тамыз 2024 / Мир

Әзірбайжан БРИКС-ке қосылғысы келеді

Әзірбайжанның БРИКС-ке қосылу ниеті туралы Ресей мемлекеттік агенттігі ТАСС осы елдің Ресей Федерациясындағы елшісі Полад Булбул Оглыға сілтеме жасап хабарлайды. Оның айтуынша, бұл Мәскеуде талқыланған, бірақ әзірге нақты мерзімдер жоқ. 

Мәскеуде Ресей азаматтығын алған мигранттарға сотқа шақыру қағазы табыс етілді
19 тамыз 2024 / Мир

Мәскеуде Ресей азаматтығын алған мигранттарға сотқа шақыру қағазы табыс етілді

Әскери тергеушілер полициямен бірлесіп, заңсыз көші-қонға қарсы, сондай-ақ бұрынғы мигранттардың заңды сақтауын тексеру мақсатында рейд жүргізді, деп жазады ресейлік «Коммерсанть» басылымы. Нәтижесінде жақында ғана Ресей азаматтығын алған бірнеше ондаған адамға әскери тіркеуге тұруды талап етіп, шақыру қағазы жіберілді. 

«Қыз Жібек» ансамблі Түркияда халықаралық байқауда жеңімпаз атанды
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

«Қыз Жібек» ансамблі Түркияда халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Түркияның Чанаккале қаласында 14-18 тамыз аралығында өткен VIII International Troia Danse and Musik Competetion фестиваль-байқауында Казталов ауданының үлгілі «Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі үздік атанды. Халықаралық додаға әлемнің 20-дан астам елінен үміткерлер қатысып, бақ сынады. Бұл жолы Баян Қабиева мен оның ұлы Асылхан Болтанов жетекшілік ететін «Қыз Жібек» ансамблінің 14 оқушыдан құралған кіші тобы өнер көрсетіп, жалғыз бас жүлдеге ие болды. 

Маймыл шешегі елге еніп кетпес үшін жасалып жатқан шаралар
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Маймыл шешегі елге еніп кетпес үшін жасалып жатқан шаралар

Бүгінде Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады.Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады. 

БҰҰ: Африка елдерінің қарызы 1 трлн долларға жетті
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

БҰҰ: Африка елдерінің қарызы 1 трлн долларға жетті

Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Бұл туралы Африка мемлекеттеріне арналған экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Клавер Гатете айтты. «Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Құрлықта орналасқан мемлекеттік қарызы көп әрбір үшінші мемлекет айтарлықтай қаржылай қиындықтарға тап болып отыр»,-деді ол. 

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері мәлімдеме жасады
19 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері мәлімдеме жасады

Бокстан ерлер құрамасының бас бапкер Қайрат Сәтжановтың өзінің жұмыс жоспарына қатысты мәлімдеме жасады. «Мемлекет және Қазақстан бокс федерация басшылығы жағынан сенім білдіріп жатқанына алғысымды айтамын. Бұл тұрғыда бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Қазіргі кезде Қазақстан боксында бірқатар проблема бар. Ол проблемаларды Париж Олимпиадасында көрдік. Ең біріншіден, жаттығу жоспарларының дұрыс құрылмауы мен командалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындарының өтпеуі себебінен», - деді Қ. Сәтжанов.