Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыппен келіспейді
13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған айыппен келіспейді

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. «Мен тағылған айыппен келіспеймін. Жүнісовтің заңсыз берген арызын біздің құқық қорғау органдары әділетті түрде зерттеп, реттейді деп сеніп, тергеу аясында куәлік берген жоқпын», - деп бастады сөзін айыпталушы. Айтуынша, жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовке осыдан 20 жыл бұрын сіңлісі тұрмысқа шыққан. 

Дүниежүзілік банк Тәжікстандағы ГЭС құрылысын аяқтауға 650 миллион доллар бөледі
13 тамыз 2024 / Евразия

Дүниежүзілік банк Тәжікстандағы ГЭС құрылысын аяқтауға 650 миллион доллар бөледі

Дүниежүзілік банк Тәжікстандағы су электр станциясының құрылысын аяқтауға 650 миллион доллар бөлуге дайын. Республика қаржы министрінің орынбасары атап өткендей, Дүниежүзілік банк жобаны қаржыландырып қана қоймай, басқа донорлармен байланыс орнатуға да көмектесе алады. Дүниежүзілік банк Рогун су электр стансасының (СЭС) құрылысын аяқтау үшін 650 миллион доллар несиені қарастыруға дайын. 

Олимпиада: Өзбекстан футбол, суға секіру, садақ ату, әйелдер күресінен алғаш рет шықты
13 тамыз 2024 / Евразия

Олимпиада: Өзбекстан футбол, суға секіру, садақ ату, әйелдер күресінен алғаш рет шықты

Өзбекстан Париждегі Олимпиадада тарихи рекорд орнатты. Республика 206 елдің арасында жалпы медальдық есепте 13-орынға ие болды; барлығы 13 медаль еншіледі. Парижде өткен Олимпиада ойындарында Өзбекстан 13 медаль жеңіп алды, оның 8-і алтын, ел жалпы медальдық есепте 206 елдің арасында 13-ші орынға тұрақтады. 

ҚР Спорт министрлігінің қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы еңбегін жоғары бағалады
13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

ҚР Спорт министрлігінің қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы еңбегін жоғары бағалады

ҚР Спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы еңбегін жоғары бағалады. Министр Токио Олимпиадасынан бері сабақ алғанын атап өтті. Парижде екі аптадан астам уақытқа созылған ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдықтың басты спорттық жарысында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 43-орынға ие болды, деп жазады ҚР Спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Көшпенділер ойындарында жамбы атудан үздіктер анықталды
13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойындарында жамбы атудан үздіктер анықталды

V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан ел намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Қатарында Азия мен әлем чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Ұлттық құрама сапындағы үздік төрттікті Олимпиадалық даярлау орталығы жасақтады. Еліміздің үздік 10 жамбы атушысы іріктеуде байрақты додаға тікелей жолдама беретін үш орынды сарапқа салды. Әр өңірден келген мергендер «Мажар», «Азия», «Түркі», «Жамбы» стилі бойынша бақ сынаған. Жалпы есептің қорытындысы бойынша түркістандық Айтбек Сарыбай мен Ералхан Айкөз және алматылық Абзал Тұлыбеков іріктеуден іркілмей өтіп жолдамаға қол жеткізді. 

Атырау халықаралық әуежайы Катар компаниясына сатылатын болды
13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Атырау халықаралық әуежайы Катар компаниясына сатылатын болды

Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы катарлық компанияға сатылатын болды. Тоз-тозы шыққан стратегиялық нысанға 30 жылдан бері түріктер иелік еткен. Енді үкімет әуежай акцияларын ерекше инвестициялық жоба ұсынып отырған QazAir Investments LLC компаниясына бермекші.  Катарлық инвесторлар тар транзит аумақтан жаңа терминал салып, көлемін кеңейтпекші. Бұған дейін Атырау әуежайы арқылы жылына бір миллион жолаушы ұшып-қонса, жаңа кешен арқылы олардың саны 3 млн-ға жетеді деп жоспарлануда. 

Шымкентте мүгедектерді мәжбүрлеп қайыр сұратқан еркек ұсталды
13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Шымкентте мүгедектерді мәжбүрлеп қайыр сұратқан еркек ұсталды

Шымкентте мүгедектерді мәжбүрлеп қайыр сұратқан еркек ұсталды. 35 жастағы күдіктіні Түркістан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері ұзақ уақыт аңдыған. Қос аяғы жоқ, арбаға таңылған егде жастағы еркек пен денсаулығы нашар тағы бір азаматты екі жыл бойы оңтүстіктің әр түкпіріне апарып, көшеде қол жайғызған пысықай, жарымжандардың тапқанын өз қалтасына басып отырған. Екі жылдан соң қос қайыршыны өзге біреуге сатпақ болған. Сатып алушы ретінде хабарласқан жедел уәкілден екі мүгедекке 400 мың теңге сұраған. Осы соманы алу үстінде 35 жастағы күдікті ұсталып абақтыға қамалды. 

Қазақстанда босқын мәртебесін беру ережелері өзгерді
13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда босқын мәртебесін беру ережелері өзгерді

ҚР Үкіметі 2024 жылғы 7 тамыздағы қаулысы арқылы босқын мәртебесін беру, ұзарту, қайтарып алу және тоқтату ережелеріне өзгерістер енгізді. Жаңа түзетулерде босқын деп тану шешімін жергілікті атқарушы орган шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсыратыны жазылған.