Шымкентте мүгедектерді мәжбүрлеп қайыр сұратқан еркек ұсталды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары13 тамыз 2024, 11:34

Шымкентте мүгедектерді мәжбүрлеп қайыр сұратқан еркек ұсталды

Шымкентте мүгедектерді мәжбүрлеп қайыр сұратқан еркек ұсталды. 35 жастағы күдіктіні Түркістан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері ұзақ уақыт аңдыған. Қос аяғы жоқ, арбаға таңылған егде жастағы еркек пен денсаулығы нашар тағы бір азаматты екі жыл бойы оңтүстіктің әр түкпіріне апарып, көшеде қол жайғызған пысықай, жарымжандардың тапқанын өз қалтасына басып отырған. Екі жылдан соң қос қайыршыны өзге біреуге сатпақ болған. Сатып алушы ретінде хабарласқан жедел уәкілден екі мүгедекке 400 мың теңге сұраған. Осы соманы алу үстінде 35 жастағы күдікті ұсталып абақтыға қамалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Күдікке ілінген азаматтың сыбайластары болуы мүмкін деген тағы он адам тергеліп жатыр, деп таратты КТК телеарнасы.

Олжас Марин, Түркістан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры:

— Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жүргізілуде. Адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге де ақпарат қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сай, жария етілмейді.

Шымкент Балалар қорлық күдікті тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар