Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

"Олимпиада естеріңде қалатын болады". Парижде ұсталған ресейлік туралы мәлімет
26 шілде 2024 / Мир

"Олимпиада естеріңде қалатын болады". Парижде ұсталған ресейлік туралы мәлімет

Парижде ұсталған ресейлік Франция «бұл Олимпиаданы ұзақ уақыт есте сақтайтын боласыңдар» деп қорқытқан. 19 шілдеде Парижде тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған Пермь қаласының 40 жастағы тумасы Кирилл Грязновты Ресей барлау қызметі Франциядағы Олимпиада ойындарында арандатушылық жасағаны үшін жалдаған. The Insider, Der Spiegel және Le Monde газеттерінің бірлескен зерттеуінде Грязнов Парижге бару мақсатын әуежайда мас күйінде сөйлесіп, арнайы қызметтердің назарын аударғанын айтқан. 

БЖЗҚ: 260 мыңдай қайтыс болған салымшының 27,8 млрд теңгесі сақтаулы тұр
26 шілде 2024 / Новости Казахстана

БЖЗҚ: 260 мыңдай қайтыс болған салымшының 27,8 млрд теңгесі сақтаулы тұр

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қайтыс болған салымшылардың мұрагерлік рәсімделмеген шоттары туралы мәлімет берді. «Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан, оның ішінде алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуді (жерлеуге және (немесе) мұрагерлерге) жүзеге асыру үшін негіздердің толық тізбесі айқындалған. Сәйкесінше, зейнетақы жинақтарының сомаларын алушы немесе оның мұрагері (мұрагерлері) осы соманы талап еткенге дейін ол БЖЗҚ есебінде болады», - деп жазады қор мамандары. 

«Қазселденқорғаудың» экс-басшысы Кәрім Көкірекбаев қамауға алынды
26 шілде 2024 / Новости Казахстана

«Қазселденқорғаудың» экс-басшысы Кәрім Көкірекбаев қамауға алынды

«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 25 шілдеде Алматы облыстық соты төтенше жағдай министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.«Қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды», – делінген. 

Ескерту: Қаржылық мониторинг атынан хабарласатын алаяқтар көбейді
26 шілде 2024 / Новости Казахстана

Ескерту: Қаржылық мониторинг атынан хабарласатын алаяқтар көбейді

Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық фактілері туралы хабарлады. Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді. Ары қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды. 

Үкімет басшысы Семейдегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
26 шілде 2024 / Новости Казахстана

Үкімет басшысы Семейдегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді. 

Румынияда ресейлік дронның сынықтары табылды
26 шілде 2024 / Мир

Румынияда ресейлік дронның сынықтары табылды

Румынияда ресейлік дронның сынықтары табылды. Румынияның Қорғаныс министрлігі Украинамен шекаралас Плауру қаласының маңында ресейлік камикадзе ұшағы сынықтары табылғанын растады. Қоқыстар Geranium 1/2 типті дронның сынықтары екені анықталды, делінген. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылмақ
26 шілде 2024 / Новости Казахстана

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылмақ

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл саланы дамыту жұмыстарын жалғастыруда.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай платформасы құрылады, дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дүбирова айтты. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мемлекеттік қызметтер мен деректерді цифрландыруға ерекше көңіл бөлуде. Құрылыс саласында 22 мемлекеттік қызмет бар, оның 20-сы электронды форматта көрсетіледі. 

Астанада пышақ ұстап, лифтіде тұрғындарды қорқытқан
26 шілде 2024 / Новости Казахстана

Астанада пышақ ұстап, лифтіде тұрғындарды қорқытқан

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қолына пышақ ұстаған ер адам лифтке кіріп, ғимарат тұрғындарын қорқытқан. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеоға зер салсақ, ішімдікке масайған ер адамның қолына пышақ ұстап, лифтке кіріп жатқанын байқауға болады. Баласымен бірге лифтке кірмек болған әйел пышақ ұстаған ер адамды көріп, ойынан айнып, кірмеген. 

Украинаға тағы 14 Leopard 2 танкі жеткізіледі
26 шілде 2024 / Мир

Украинаға тағы 14 Leopard 2 танкі жеткізіледі

Жазда Украинаға тағы 14 Leopard 2 танкі жеткізіледі. Өткен жылы Нидерланды мен Дания Украина үшін сатып алған 14 Leopard 2A4 танкі осы жазда Киевке жөнелтіледі. Жабдықты неміс концерні Rheinmetall модернизациялады, содан кейін ол бірнеше ай бойы сынақтан өтті, деді Нидерланд қорғаныс министрі Рубен Брекельманс мәлімдемесінде.