«Қазселденқорғаудың» экс-басшысы Кәрім Көкірекбаев қамауға алынды
«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 25 шілдеде Алматы облыстық соты төтенше жағдай министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.«Қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды», – делінген, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев пен оның орынбасары өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Бұған дейін 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер «Қазселденқорғау» мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қараған болатын. Кейін алқабилер алқасының шешімі бойынша (көпшілік дауыспен) Көкірекбаев өзіне тағылған айып бойынша ақталды. Ал оның бұрынғы орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды.