Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Қасым-Жомарт Тоқаев: «ШЫҰ форматын» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды
4 шілде 2024 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев: «ШЫҰ форматын» барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды. Мемлекет басшысы бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық және өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті. 

АҚШ Киевке 2,2 миллиард доллар бөлді
4 шілде 2024 / Мир

АҚШ Киевке 2,2 миллиард доллар бөлді

АҚШ Киевке әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар сатып алу үшін 2,2 миллиард доллар бөлді. Бұл қаражат Patriot және NASAMS әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне қарсы зымырандар сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды АҚШ қорғаныс министрлігінің сайты. Ақ үй бұл оқ-дәрілерді жеткізуді тездетуді жоспарлап отыр. 

Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде барлық мақсат-міндетті толығымен орындады
4 шілде 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде барлық мақсат-міндетті толығымен орындады

Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде алдыңғы саммитте айтылған барлық мақсат-міндетті толығымен орындады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

Жапония Өзбекстанға төрт медициналық жылжымалы контейнер сыйлады
4 шілде 2024 / Евразия

Жапония Өзбекстанға төрт медициналық жылжымалы контейнер сыйлады

Жапония Өзбекстанға төрт медициналық жылжымалы контейнер сыйлады. Оның ішінде рентген аппараты, компьютерлік томография және басқа да қажетті құрал-жабдықтар болады. Жапон үкіметі Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасы аясында Өзбекстанға құны шамамен 6,2 миллион доллар тұратын медициналық жабдықтары бар төрт жылжымалы контейнерді сыйға тарту туралы шешім қабылдады. 

Тәжікстанда косметологтар қауымдастығы жұмысын бастайды
4 шілде 2024 / Евразия

Тәжікстанда косметологтар қауымдастығы жұмысын бастайды

Тәжікстанда косметологтар қауымдастығы өзекті мәселелерді талқылап, мамандар бас қосылып, заманауи техникалар енгізіледі. Тәжікстан билігі косметология саласындағы өзекті мәселелерді шешудің негізгі алаңына айналатын косметологтар қауымдастығын құруды көздеп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Жамолиддин Абдуллозодамен кездесуде елдегі жеке косметологиялық орталықтарда көрсетілетін медициналық қызмет талқыланды.

Астана медицина университеті: Istanbul Medipol University филиалы ашылады
4 шілде 2024 / Новости Казахстана

Астана медицина университеті: Istanbul Medipol University филиалы ашылады

Қазақстан мен Түркияның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының арасында тиісті келісімге қол қойылды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түркияның денсаулық сақтау жүйесінің елеулі ілгерілеуін атап өтіп, түрік әріптестеріне медициналық білім, ғылым және клиникалық практика мәселелерінде ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғыс айтып, түрік әріптестерінің госпиталдық менеджмент пен апаттар медицинасындағы тәжірибесін ерекше атап өтті.