ҚазАвтоЖол: Ақылы жол үшін төлемді алдын ала жасау керек
"ҚазАвтоЖол" компаниясы kaztoll.kz сайтындағы жеке және заңды тұлғалардың кабинеті уақытша жұмыс істемейтінін ескертті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
2024 жылғы 3 шілдеде сағат 22:00–ден 02:00–ге дейін сервистерді жаңарту бойынша жұмыстар жоспарланған. Сол себепті, біздің ресми сайтымыз qaj.kz, kaztoll.kz сайтындағы жеке және заңды тұлғалардың кабинеті уақытша жұмыс істемейтін болады. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында төлем жасау мүмкіндігінің болмайтынын ескертеміз және ақылы жол үшін төлемдерді алдын ала жасауларыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: