Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды
6 маусым 2024 / Новости Казахстана

Алматы әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Алматы халықаралық әуежайының жаңа президенті болып Гокер Косе тағайындалды. Әуежайдың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Гокер Косенің әуежай саласындағы операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент бойынша 20 жылға жуық тәжірибесі бар.Гокер Косе TAV Airports холдингіне 2005 жылы қосылды. Азаматтық авиация мен әуежайларды басқару және менеджмент саласында тағылымдамадан өтті. Анкарадағы жаңа Эсенбога әуежайына қатысты (Operational Readiness and Airport Transfer ORAT) бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосты. 

Рада Украинада ағылшын тілін қолдану туралы заң қабылдады
6 маусым 2024 / Мир

Рада Украинада ағылшын тілін қолдану туралы заң қабылдады

Рада Украинада ағылшын тілін қолдану туралы заң қабылдады. Ол Украинадағы халықаралық қатынас тілдерінің бірі ретінде ағылшын тілінің мәртебесін бекітеді және А санатындағы мемлекеттік қызметшілер оны меңгеруі керек. В және С санатындағы кейбір мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік әкімшіліктердің төрағалары мен олардың бірінші орынбасарлары, Украина қарулы күштері мен полиция офицерлері, прокуратура, салық қызметкерлері және мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары ағылшын тілін білуі қажет. 

Орал 13 жасар қызды зорлағандар сотталды
6 маусым 2024 / Новости Казахстана

Орал 13 жасар қызды зорлағандар сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Р-ға, сондай-ақ кәмелетке толмаған М., А., Н. және Қ-ға қатысты үкім шықты. Соттан түскен мәліметке қарағанда, сотталушылардың бәріне ҚР ҚК 293-бабы 4-бөлігіне (зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау) сәйкес айып тағылды. 

Байден: Украинаға көмек көрсетілмесе, Ресеймен соғысу қаупі артады
6 маусым 2024 / Мир

Байден: Украинаға көмек көрсетілмесе, Ресеймен соғысу қаупі артады

АҚШ президентінен сұхбат алған Time журналисі одан НАТО-ның Ресеймен «соғыс тайғағында» болуы қаншалықты ықтимал екенін сұрады. Байден Батыс Украинаны қолдауды тоқтатса, дәл осы жолды табады деп жауап берді. 

Украина Ресей аумағына америкалық қарумен шабуыл жасап үлгерді
6 маусым 2024 / Мир

Украина Ресей аумағына америкалық қарумен шабуыл жасап үлгерді

Украина Ресей аумағына америкалық қарумен шабуыл жасап үлгерді. Бұл «соңғы бірнеше күнде» болды, деп хабарлады агенттік Қарулы күштер комитетінің мүшесі сенатор Майк Раундсқа сілтеме жасап. Бұл ақпаратты журналистерге жағдаймен таныс батыстық шенеунік те растады. 

Қазақстан шағын футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты
5 маусым 2024 / Sport

Қазақстан шағын футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстан құрамасы осы күндері Босния мен Герцеговинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында ойнады. Қазақстандық спортшылар ширек финалға шығу үшін Словения құрамасына қарсы ойнады. Ойын барысында Диас Егінжановтың орындауында небәрі 1 ғана гол салынып, команданы жеңіске жеткізді.

Велоспорттан Азия чемпионаты: Алматыда жолдар жабылады
5 маусым 2024 / Новости Казахстана

Велоспорттан Азия чемпионаты: Алматыда жолдар жабылады

Алматыда алғаш рет 5-12 маусым аралығында тасжол велоспорттан Азия чемпионаты өтеді. Осыған байланысты жолдың кейбір аумағында қозғалыс уақытша өзгереді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жолдың бір жағы жабылып, екінші жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады. 6-12 маусым аралығында кейбір көшеде жол қозғалысына шектеулер енгізіледі.