Қазақстан шағын футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты
Қазақстан құрамасы осы күндері Босния мен Герцеговинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында ойнады. Қазақстандық спортшылар ширек финалға шығу үшін Словения құрамасына қарсы ойнады. Ойын барысында Диас Егінжановтың орындауында небәрі 1 ғана гол салынып, команданы жеңіске жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Осыған дейін қазақстандықтар B тобында Украина, Греция мен Англияны жеңіп, көш бастаған еді, деп хабарлайды Sports.kz.
Айта кетейік, ширек финалда Қазақстан құрамасы Әзербайжан, Босния мен Герцеговина жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: