Материалы автора: Заира Сабитова

Вчера, 9:00 / Sport

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының алғашқы ойын күнінде жеңіліп қалды

Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында Дэвис Кубогындағы алғашқы ойын күнінің нәтижесі белгілі болды. 14 қыркүйекте өткен бірінші ойында еліміздің ерлер құрамасынан Александр Бублик Эльмер Мёллерге жеңіліп қалды. Есеп - 6:1, 2:6, 2:6. Екінші кездесуде ел құрамасынан Александр Шевченко Август Хольмгренге 6:7, 3:6 есебімен есе жіберді. 

Вчера, 7:08 / Новости Казахстана

Сегіз адамды бопсалаған блогердің бас бостандығы шектелді

Қызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы сегіз адамды бопсалаған күдікті сотталды. Жаңақорған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды. Сотталушы 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы 8 жәбірленушіut абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Салдарынан бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен 1 950 000 теңгені жеке бас пайдасына жаратқан. 

Вчера, 6:55 / Мир

Молдовада ресейліктерге елде тұруға рұқсат пен азаматтықты заңсыз берген

Молдовада бір топ шенеунік ресейліктерге елде тұруға рұқсат пен азаматтықты заңсыз берген. Молдова Ішкі істер министрлігінің Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (SPIA) ресейліктерге заңсыз тұруға рұқсат немесе ел азаматтығын алуға көмектескен мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен топ анықталғаны  туралы мәлімдеді,. 

Вчера, 6:51 / Мир

Нидерланды Patriot әуе қорғаныс жүйесін Украинаға бере алмайды

Нидерланды Patriot әуе қорғаныс жүйесін Украинаға бере алмайды.  Нидерландтың одақтасы мәмілеге қатысудан бас тартқандықтан жеткізу сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды NL Times газеті Нидерланд қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Қорғаныс министрлігі мамыр айының соңында Украинаға "Патриот" жүйесін жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. Нидерландыда «негізгі құрамдас бөліктер» дайын, ал қалғанын басқа елдер қамтамасыз ететіні хабарланды. 

Вчера, 6:47 / Мир

«103-те 103». Украина мен Ресей тұтқындармен алмасты

Украина мен Ресей Федерациясы «103-тен 103-ке дейін» формуласы бойынша әскери тұтқындармен алмасты. Ресей тұтқынынан Украинаға 82 қатардағы жауынгер мен сержант пен 21 офицер, оның ішінде Мариупольдегі «Азовсталь» зауытының қорғаушылары оралды», - деді Владимир Зеленский. 

14 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан асыл тұқымды қойларды Моңғолияға экспорттайды

ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м. а. Самат Төлегенов Моңғолия ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесті. Кездесуде ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, соның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттау мәселесі талқыланды. Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификатты келіскен болатын.

14 қыркүйек 2024 / Sport

Қазақстан ескекшілері Қытайда екі медаль жеңіп алды

Қытайдың Шэньян қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден U19 бен U23 Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар ел қоржынына 1 күміс, 1 қола медаль салды. 23 жасқа дейінгі санаттағы 2000 метрге төрттікте ерлер командасы мәреге екінші жетіп, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Күміс жүлдені Дидар Сағымбаев, Тимур Фомичев, Владислав Галкин, Иван Чернухин бастаған команда мүшелері иеленді.