Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдай бастайды
Фото:depositphotos.com / VictorJiang
VictorJiang
Қазақстан жаңалықтары28 қараша 2024, 15:00

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдай бастайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ел азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазан айында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Еңбек министрлігінің басшылығы өзгеріп, келісімді бекіту процесі сәл кешіктірілді. Ол Оңтүстік Кореяға мақұлдануға жіберілді», деді Жақыпова Мәжіліс алаңында.

Министр атап өткендей, келісім осы жылдың соңына дейін қабылданады.

Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтары жұмыс

Тақырыпқа жаңалықтар