ЕуразияБүгін, 16:38

Әкесі жасөспірім қызын белдікпен ұрып-соғып қорлаған

Бішкекте әкесі 16 жастағы қызын белдікпен ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әйел адам 16 жастағы қызын бұрынғы күйеуінің үйіне қонаққа жіберген. Алайда жасөспірім үйден кетіп, анасына әкесі өзін белдікпен ұрып-соққанын жазған.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан ер адамның қызды балағаттап, үйден күштеп шығарып жатқанын көруге болады.

Анасы милицияға жүгінгеннен кейін Бішкектің Ленин аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен қызды тапты. 36 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

бішкек ер адам Қылмыс полиция

Тақырыпқа жаңалықтар