АҚШ Венесуэла астанасына шабуыл жасады
АҚШ Венесуэла астанасына шабуыл жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мәліметке сәйкес, ел астанасы Каракаста жеті жарылыс болған. Соққы Ла-Карлота әуе базасы мен Фуэрте-Тьюна әскери базасына жасалған. Соққылар Венесуэланың қорғаныс министрінің үйіне және ел астанасындағы портқа да тиген.
Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін жариялады. Десе де ол кейін мүлде хабарсыз кетті. Жергілікті БАҚ бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктің қаза табуы мүмкін екенін жазып жатыр.
Колумбия президенті Густаво Петроның айтуынша, Венесуэла парламентінің ғимаратына да соққы жасалған. Қазір Венесуэла президентінің нақты қайда екені белгісіз.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: