Австралияда жағажайға жасалған шабуылдан 15 адам қаза тапты
Австралияның Сидней қаласындағы Бонди-Бич жағалауында атыс болып, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала дерекке сәйкес, шабуылды 50 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы жасаған. Әкесі оқиға орнында мерт болды, ұлы ауыр халде ауруханада жатыр.
Шабуыл кезінде жағажайда еврейлердің Ханука мерекесі өтіп жатқан. Полиция оқиғаны теракт деп бағалап, оның антисемиттік сипатта болғанын мәлімдеді.
Куәгерлердің айтуынша, күдіктілер адам көп жиналған жерге бірнеше минут бойы оқ жаудырған. Тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: